Несиесі кешірілетін азаматтар санаты нақтыланды
© Фото: pexels
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несиесі кешірілетін азаматтар санатын нақтылады. Атында мүлкі жоқ және табысы төмен азаматтардың соттан тыс банкроттық рәсіміне жүгінуге құқығы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттік басшысының айтуынша, жауапты орган мұндай борышкерді енді өзі іздеп табады. КТК дерегіне сүйенсек, талапқа сай келетін несиесі бар азаматқа соттан тыс банкрот рәсімін пайдалану мүмкіндігін ұсынып SMS-хабарлама жолданады. Бұл хабарлау жүйесін енгізу себебі – адамдардың бәрі бірдей несиесін кешіруге өтініш беруге құлықты емес. Бірі ерінеді, енді бірі түсінбейді. Банкроттықтан кейін азамат бес жыл бойы банктен жаңа несие ала алмайтыны тағы бар. Сондай-ақ жаңа өзгерістерге сай, енді банктер мен микроқаржы ұйымдары несие берер кезде азаматтың қаржы жағдайын бұрынғыдан да мұқият тексеруі керек.
"Соттан тыс банкрот рәсіміне жүгіну үшін берешегі бар азаматтың меншігінде мүлкі болмауы және табысы ең төменгі жалақыдан аспауы қажет. Азаматтар бұл талапқа көбіне сәйкес келе бермейді. Сондықтан былтыр біз жаңа норма қарастырдық. Оған сәйкес, егер қарыз мерзімі өткеніне бес жылдан асса, мүлкі пен табысына қатысты осы екі талапты сақтамауға болады".Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:
Бұған дейін кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы қарызы қанша екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 19 мамыр 2026
Атырауда 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді
-
22:45, 19 мамыр 2026
Семейлік мектеп оқушысы прокурорға сенім артып, өгей әкесінің зорлығынан құтылды
-
22:01, 19 мамыр 2026
Алматыда 2 мыңнан астам адамды кене шаққан
-
21:40, 19 мамыр 2026
Нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі
-
21:18, 19 мамыр 2026
Дзюдодан Эстониядағы European Open турнирінде ел намысын кімдер қорғайды





