Екібастұзда киберполиция 30 минутта алаяқтардың ізіне қалай түсті

11:43, 15 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Полицейлер санаулы минуттар ішінде белгісіз тұлғалардың ізіне түсіп, жоғалған қаражатты қайтаруға ықпал еткен.

Алаңдаушылығым банктегі депозитімнен 2 млн 235 мың теңгенің шешіліп кеткенін байқаған сәттен басталды.

Оған дейін бейтаныс адам хабарласып, растау кодын сұраған еді.

Еш күмәнданбастан айтып қойдым. Ақшам жоғалғанын көргенде ғана алаяқтардың құрбаны болғанымды түсіндім. Бірден полицияға жүгіндім, – дейді Надежда Фролова.

Оқиға бойынша жедел әрекет еткен криминалдық полицияның қызметкерлері Данияр Камзин мен Мақсат Тлеубек іске дереу кіріскен.

Жәбірленушінің айтуынша, олар оны сабырға шақырып, көз алдында үздіксіз жұмыс жүргізген. Нәтижесінде небәрі 30 минут ішінде дроппердің жеке басы анықталып, оның орналасқан жері мен туыстары туралы мәліметтер жиналған.

Кейін тергеу тобына Қанат Молдажанов пен Бекзат Қадырбеков қосылып, іс толық рәсімделді. Сонымен қатар олар жәбірленушіге психологиялық қолдау көрсетіп, әрбір әрекетті түсіндіріп отырған.

Бұл жағдай киберполиция қызметінің техникалық мүмкіндіктері мен жеделдігінің қазіргі алаяқтыққа қарсы күрестегі тиімділігін айқын көрсетеді.

Өз кезегінде аға жедел уәкіл Данияр Камзин азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • банк қосымшаларында шоттағы қаражатты жасырып қою (баланс көрсетілмейтін функцияны қосу);
  • интернет-төлемдер мен аударымдарға нөлдік лимит орнату, қажет кезде ғана өзгерту;
  • екі факторлы аутентификацияны міндетті түрде қосу (биометрия немесе бір реттік код арқылы);
  • "банк атынан" келген күмәнді SMS-хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу.

Банк ешқашан мұндай жолмен жеке деректерді сұрамайды. Полиция ескертеді: егер шотыңызда күмәнді операциялар байқалса, уақыт жоғалтпай, банк карталарын дереу бұғаттап, 102 нөміріне хабарласу қажет.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!