Алматыда дәрілік заттарды заңсыз өткізу деректері тоқтатылды
© Сурет: polisia.kz
Алматы қаласында күшті әсер ететін дәрілік заттардың заңсыз айналымының жолын кесуге және оларды өткізу саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері дәріхана пункттерін тексеріп, дәрігердің рецептісінсіз дәрілік заттарды сату деректерін анықтауда, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды белгілеуде.
Атап айтқанда, қала аудандарының бірқатарында дәрігердің рецептісінсіз күшті әсер ететін дәрілік заттарды сату фактілері анықталып, оларды заңсыз сатып алған тұлғалар белгіленді. Заңсыз айналымнан ірі көлемдегі дәрілік заттар тәркіленді.
"Анықталған барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр",- деп мәлімдеді полицейлер.
Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батуржан Абдумасаров атап өткендей, күшті әсер ететін препараттарды еркін сату – жол берілмейтін жағдай. Бұл тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Мұндай деректер ерекше бақылауда.
Бұған дейін Ұлытау облысында полиция ірі ұрлықтың бетін ашқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 19 мамыр 2026
Медеуге 10 минутта жетуге болады: Қазақстандағы алғашқы аэротакси іс жүзінде көрсетілді
-
17:28, 19 мамыр 2026
Президент Қазақстан мен Халықаралық валюта қорымен ынтымақтастық туралы заңға қол қойды
-
17:21, 19 мамыр 2026
Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға қол қойды
-
17:13, 19 мамыр 2026
Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері кімдер
-
17:07, 19 мамыр 2026
Қазақстандық және қытайлық инвесторлардың құқықтары теңестіріледі – Тоқаев заңға қол қойды





