Танымал шахматшы есірткіден уланып көз жұмды

11:17, 22 қаңтар 2026

© Сурет: wikipedia

2007 жылы әлем чемпионы атанған 29 жастағы америкалық шахматшы Дэниэл Народицкий есірткіден уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz

NBC News мәліметінше, Дэниэл Народицкий 2025 жылдың 20 қазанында 29 жасына қараған шағында дүниеден өткен.

Народицкий 2015 жылы командалық әлем чемпионатында АҚШ құрамасының намысын қорғады. 2019 жылы АҚШ шеберлер чемпионатында бірінші орынды бөлісті, 2013 жылы жасөспірімдер арасында АҚШ чемпионы атанды. Ал 2007 жылы 12 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы болған.

Дэниэлдің әкесі Владимир Народицкий Украинадан АҚШ-қа қоныс аударған, ал анасы Елена Әзербайжан тумасы. Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) рейтингінде Дэниэл Народицкий 151-орында тұрған.

Бұған дейін Белгілі әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!