Көлік министрлігі: 2026 жылы жаңа халықаралық әуе бағыттары ашылады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 21 қаңтарда өткен Үкімет отырысында жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу, авиакаргоны дамыту және жүк тасымалдайтын әуе компанияларын Қазақстан әуежайларына тарту жөніндегі жоспарларды мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, биыл халықаралық әуе рейстерін қайта жандандыру, жаңа бағыттар ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Шанхай, Қашғар, Варшава және басқа да қалаларға қатынайтын рейстер саны көбейтіледі.
"Әуе транзиттік мүмкіндіктерін кеңейту үшін авиациялық отын бағасын төмендету бойынша шаралар іске асырылуда. Қазіргі уақытта KMG-Aero компаниясының барлық әуежайларға қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Қазақстан әуежайларына жүк тасымалдайтын әуе компанияларын тарту мақсатында FedEx (АҚШ), UPS (АҚШ), Cargolux (Люксембург), DHL (Германия), Lufthansa Cargo (Германия) сынды ірі шетелдік әуе тасымалдаушылармен жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, Қазақстанда авиакарго инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарастырылған. Салада оң өсім динамикасы байқалады – жүк өңдеу көлемі артып келеді", – деді Нұрлан Сауранбаев.
Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 млн 736 мың тонна жүк өңделген. Бұл – өңірдегі ең жоғары көрсеткіш. Аталған бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да күшейтілетін болады.
Сонымен қатар премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігіне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, бір апта ішінде жаңа халықаралық әуе рейстерін іске қосу және ұлттық жүк әуе тасымалдаушысының одан әрі қызметі бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:36, 21 қаңтар 2026
Алматының элиталы ауданынан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне пәтер берілгені рас па - ІІМ түсініктемесі
-
17:57, 21 қаңтар 2026
Қазақстанда авиакеросиннің бағасы тағы арзандайды
-
17:50, 21 қаңтар 2026
Тайландқа сапарламақ қазақстандық әйел ұмытшақтығының кесірінен жолынан қала жаздады
-
17:32, 21 қаңтар 2026
«Қар жауып, тұман болады». Еліміз бойынша 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
-
17:23, 21 қаңтар 2026
Индонезияда ресейлік блогерді ұрды деген күдікпен қазақстандық модель ұсталды





