Қазақстанда авиакеросиннің бағасы тағы арзандайды

17:57, 21 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 21 қаңтарда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қазақстанда авиакеросиннің құны ненің есебінен төмендеткелі жатқандарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов авиахабтарды дамыту жайын айта келе, авиаотынның 1 тоннасының құны 1200 доллардан 940 долларға дейін төмендегені, одан әрі бағаны 890 долларға дейін төмендету көзделіп отырғаны туралы айтқанын алға тартты.

Сөйткен тілшілер қауымы қысқа мерзімде бағаны осылай айтарлықтай көлемде төмендету қалай мүмкін болғанын және президенттің бұл мәселеге назар аударуын күту неге қажет болғанын сұрады.

"Ол арада көптеген құрал бар. Біріншіден, "ҚазМұнайГаз-Аэроның" көтерме бағамен сатып алу мүмкіндігі бар. Көптеген әуежай 200-300 тоннадан сатып алады. Тиісінше, олардың бағасы бір. Екіншіден, мемлекет ҚҚС бойынша импорттан босатты. Бұл да бағаға белгілі бір мөлшерде жеңілдік болды. Үшіншіден, әуежайлар әр ұшаққа жанар-жағармай құюда 200 доллардан 300 долларға дейін роялти алады. Бүгіндері олар осы роялти мен инфрақұрылымдық алымның күшін жоймады", деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.

Оның айтуынша, осы ресурстар есебінен авиакеросин бағасын төмендету мүмкін болған.

"Соңғы уақытта нарықта баға айтарлықтай өсті, бұл да маңызды. Яғни, Қазақстанмен шекаралас аумақта баға 960 долларға дейін жетті. Бүгінгі "ҚМГ-Аэро" сатып алып отырған ең жоғары баға – 715 доллар. Сондықтан, осы ресурстардың арқасында жалпы төмендеу туындады. Біз Қазақстанда авиаотынның бағасын жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болатындай етуге тырысамыз", деп сендіреді министр.

2026 жылғы 20 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда авиакеросиннің бағасы "шектесіп жатқан мемлекеттердің әуежайларымен салыстырғанда тым жоғары, бәсекеге қабілетсіз" деп мәлімдеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!