Қазақстанда автокөлік жуу орындары жаңа ережелер бойынша жұмыс істей бастайды
© Сурет: pixabay
Жаңа су кодексі бойынша тіршілік нәрін қайта кәдеге жарату үшін, көлік жуатын орындар, жаңа жүйеге көшуі тиіс. Бұл су шығынын 30 пайызға азайтады. Дегенмен арнайы қондырғы орнатуға көбі асығар емес. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
"24.kz" телеарнасының ақпаратынша, жаңа жүйеге көшсе, көлік жуатын орындар бір рет пайдаланылған суды кәрізге ағыза салмай, арнайы қондырғы арқылы тазартып алады. Кәсіпкерлер мұны қолдап отыр. Бірақ біраз қаржы мен уақыт керек дейді. Сапалы, қуаттылығы жоғары жабдықтың бағасы 1 млн теңгеден асады. Орнату үшін, ғимараттың құрылысын қайта жоспарлау тағы бар. Есесіне кейін суды үнемдеп, пайда көруге болады.
Семейде көлік жуатын 1 орын ай сайын 250 текше метрге дейін су тұтынады. Мамандардың айтуынша, жаңа жүйені енгізген кезде су шығынын кем дегенде 30 пайызға азайтуға мүмкіндік бар. Қазір кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, бизнес өкілдеріне қайтарымсыз грант беру, сондай-ақ төмен пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер ұсыну көзделген.
"Бұл жабдықты сатып алу мен орнатуға кететін шығын ғана емес. Бұған қоса сүзгілерді жиі ауыстыру керек болады. Ай сайын бірнеше рет жаңартуға тура келеді. Олардың бағасы да арзан емес. Сондықтан бұл біз үшін едәуір қаржылық салмақ болады".Елена Гурьева, Көлік жуу орнының әкімшісі
Әрине, жаңа технологияларды енгізу қосымша қаржы мен техникалық дайындықты талап етеді. Дегенмен, кәсіпкерлерге бұған бейімделу үшін жеткілікті уақыт қарастырылған. Тіршілік нәрін үнемдеуге арналған жаңа жоба 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге аспақ.
Бұған дейін Қазақстанда жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:32, 11 наурыз 2026
Алматыда бір түнде 27 см-ге дейін қар жауды, көшелерді тазалау жұмыстары жалғасып жатыр
-
10:24, 11 наурыз 2026
Ғалымдар ауадан тәулік бойы энергия алатын құрылғы жасады
-
10:15, 11 наурыз 2026
Рыбакина қарсыласы Марта Костюк жайлы пікір білдірді
-
10:04, 11 наурыз 2026
Үлестік құрылыс саласындағы қызметтер электронды форматқа көшіріледі
-
09:56, 11 наурыз 2026
Алматыдағы Burger King төңірегіндегі жанжал: тексеріс өрескел заңбұзушылықтарды анықтады





