Нұрай Серікбайдың өлімі: Шымкент полициясының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
© Фото: Zakon.kz
Шымкенттік Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін Шымкент қаласының ПД басшысы Нұрлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын. Бұған қатысты, бүгін 2026 жылғы 22 қаңтарда Сенаттағы брифингте ІІМ орынбасары Санжар Әділов пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спикер аталмыш қылмыс бойынша күдікті ұсталғанын еске салды.
"Президенттің тапсырмасы аясында қызметтік тексеріс нәтижесінде Шымкент ПД басшысына тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылды. Ол да оның бірінші орынбасары да қызметінен босатылды. Сонымен қатар, бұл факт бойынша, жауапсыздық белгілері бар оқиға ретінде қылмыстық іс қозғалды. Олар қылмыстық істі тіркеу және "некеге мәжбүрлеу" фактісі бойынша кінәлі тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі тиісті шараларды қолданбаған", – деді Әділов.
Журналистер ІІМ орынбасарынан қылмыстық жауапкершілікке кімдер тартылатындығын сұрады.
"Жауапсыздық бойынша қылмыстық іс, ең алдымен, қылмыстық істі тіркеу шараларын қолданбаған лауазымды тұлғаларды қамтиды. Біріншіден, аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, бақылау жүргізуі тиіс полиция департаментінің лауазымды тұлғалары да бар. Қылмыстық іс аясында полиция департаменті басшылығына да баға беріледі", – деп толықтырды Санжар Әділов.
Бұл ретте, полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс президенттің сынынан кейін қозғалғаны белгілі болды.
"Сол күні министрлік тәртіптік комиссия шеңберінде Шымкент қаласы полициясының басшысы, оның орынбасары, полиция басқармасы бастығы қызметтен босатылды. Сондай-ақ, жәбірленушінің өтініші бойынша қылмыстық істі қозғау шараларын қолданбаған лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға (теріс негізде жұмыстан босату) тартылды", – деді ол.
Айта кетсек, марқұм бойжеткен күдіктіні бір жылдан бері танитын көрінеді. Тіпті жігіт қызды алып қашып, мәжбүрлі түрде некеге отырмақ та болған. Алайда, ата-анасы полиция ертіп барып, бойжеткенді алып кеткен. Бұл ретте, құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай шара қолданылмай, қылмыстық іс қозғалмаған. Оқиғадан кейін де, күдікті Нұрай Серікбайды аңдуын қоймай, қорқытып үркіткен. Ақыр соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.
Оқиғаға қатысты 20 қаңтар күні мемлекет басшысы пікір білдіріп, шұғыл түрде жауаптыларды жазаға тартуды тапсырды. Сол күні, тапсырма аясында Шымкент қаласы ПД бастығы Нұрлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:13, 22 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді
-
15:05, 22 қаңтар 2026
Доллар енді қорған бола алмайды: неге қазақстандықтар валюталық стратегиясын жаппай өзгертіп жатыр
-
14:59, 22 қаңтар 2026
БЖЗҚ-ға айтарлықтай салмақ түспейді: Еңбек министрлігі Моңғолиямен жасалған келісімді түсіндіріп берді
-
14:46, 22 қаңтар 2026
Үш күнде −27°С-тан +3°С-қа дейін: Алматы, Шымкент және Астанада ауа райы қандай болады
-
14:25, 22 қаңтар 2026
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру: ережелерге өзгерістер енгізілді





