Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарын Моңғолияда пайдалана алады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 22 қаңтарда Сенат депутаттары Қазақстан Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Сенатор Амангелді Есбайдың айтуынша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған бұл келісім 2024 жылғы 29 қазанда мемлекет басшысының Моңғолияға жасаған ресми сапары аясында Ұлан-Батор қаласында қол қойылған.
"Қаралып отырған заң осы халықаралық келісімді ратификациялауды көздейді. Келісімнің мақсаты – жеке тұлғаларға зейнетақы төлемдерін тағайындау саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу. Атап айтқанда, ортақ (солидарлық) зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін өзара тану тетіктері, сондай-ақ әскери қызмет өткерген кезеңдер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алған уақытты еңбек өтіліне есептеу қарастырылған", – деді депутат.
Сонымен қатар, келісімде Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыты – жинақтаушы зейнетақыны экспорттау тетігі көзделген.
Бұл шара азаматтардың зейнетақы жинақтарын басқа мемлекеттің аумағында пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Келісім аясында екі елдің аумағында жинақталған еңбек өтілін растау тәртібі белгіленіп, соның негізінде зейнетақы төлемдері тағайындалады.
Бұл азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау тұрғысынан маңызды қадам болып саналады.
Бұған дейін Моңғолия мен Қазақстан зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде еңбек өтілін өзара есепке алатыны туралы хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:13, 22 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді
-
15:05, 22 қаңтар 2026
Доллар енді қорған бола алмайды: неге қазақстандықтар валюталық стратегиясын жаппай өзгертіп жатыр
-
14:59, 22 қаңтар 2026
БЖЗҚ-ға айтарлықтай салмақ түспейді: Еңбек министрлігі Моңғолиямен жасалған келісімді түсіндіріп берді
-
14:46, 22 қаңтар 2026
Үш күнде −27°С-тан +3°С-қа дейін: Алматы, Шымкент және Астанада ауа райы қандай болады
-
14:25, 22 қаңтар 2026
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру: ережелерге өзгерістер енгізілді





