Талғар әкімінің орынбасары тағайындалды: ол туралы не белгілі
© Сурет: Instagram/akimat_gorod_talgar
Талғар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2024 жылғы 18 қарашада әкімдіктің Instagram парақшасындағы жазбасынан белгілі болды.
"Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Ынтымакович Байбатыров тағайындалды",- делінген ақпаратта.
Бауыржан Байбатыров 1987 жылы дүниеге келді. "Орталық Азия Университеті", құқықтану мамандығы бойынша білім алған. Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 8 жылдан асады.
Еңбек жолы:
- 2014 жылы Бөлек ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маманнан бастап, бас маман лауазымына дейін көтерілді.
- 2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы болды.
- 2023 жылдан бастап Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
Бұған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:14, 18 қараша 2024
Абай облысында браконьерлердің әрекеті көктегі дрон арқылы әшкереленді
-
17:00, 18 қараша 2024
Жамбыл облысында 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді
-
16:42, 18 қараша 2024
Алматыда есірткі жарнамалаған ерлі-зайыпты қамауға алынды
-
16:24, 18 қараша 2024
Жалынды дер кезінде ауыздықтамаған өрт сөндірушілерге 12 млн теңге айыппұл салынды
-
16:00, 18 қараша 2024
Айырбастау пункттерінде доллар бағамы 500 теңгеден асты