Айырбастау пункттерінде доллар бағамы 500 теңгеден асты
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 18 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,88 теңгеге көтеріліп, 497,89 теңгені құрады.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,68 теңгеге дейін өсті (+0,28).
Ақша айырбастау орындарында доллар 498,7-500,5 теңгеге, еуро 524,5-528,5 теңгеге, ресей рублі 4,95-5,05 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 18 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы да көтерілуде.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,32%-ға өсіп, барреліне 71,27 долларды құрады.
Бұл ретте WTI маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері 0,25%-ға өсіп, барреліне 67,09 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 495,95 теңге, еуроны 524,37 теңге, рубльді 4,98 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:47, 18 қараша 2024
Жетісу облысында түн ортасында бөтеннің үйіне кіріп барған әкім жазаланды
-
18:38, 18 қараша 2024
Кәріс футболшысын кекетемін деп «Тоттенхэм» ойыншысы қомақты айыппұл арқалады
-
18:16, 18 қараша 2024
Еліміздің оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады
-
17:46, 18 қараша 2024
«Арзан тауарлар чаты». Елордалық WhatsApp арқылы жұртты алдап, 3 млн теңгеге кеңелген
-
17:30, 18 қараша 2024
МКК камералдық бақылау хабарламаларын алған азаматтарға не істеу керектігін айтты