Қазақстанда тексеру зертханаларына қойылатын талаптар жаңартылды
© Фото: freepik
ҚР сауда және интеграция министрінің м. а. 2024 жылғы 8 қарашадағы бұйрығымен кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, тексерілетін өлшеу құралдары туралы деректерді электрондық есепке алу және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру қағидаларында бірнеше тармақ жаңартылды.
Мәселен, тексеру зертханалары тексерілетін өлшеу құралдары туралы деректерді электрондық есепке алуды және оларды техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификатты ресімдеу арқылы МҒМО-ға беруді жүзеге асырады.
Салыстырып тексеру зертханалары техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы сертификатты ресімдеу кезінде мынадай мәліметтерді көрсетеді:
- өлшем құралының салыстырып тексеру туралы сертификаттың (жарамсыздығы туралы хабарламаның) нөмірі және (немесе) өздігінен желімделетін лейблдің нөмірлік коды;
- өлшем құралының (эталонның) атауы;
- типі, белгіленуі;
- зауыттық нөмірі (деректер болған жағдайда);
- өлшем құралының өлшеу диапазоны;
- дайындаушы (деректер болған жағдайда);
- дайындалған күні (деректер болған жағдайда);
- пайдаланушы (деректер болған жағдайда);
- салыстырып тексеру жөніндегі нормативтік құжаттың белгіленуі мен атауы;
- салыстырып тексеру кезінде пайдаланылатын эталон мен қосалқы жабдықтың белгіленуі;
- класс немесе басқа да дәлдік сипаттамалары;
- өлшеуді бақылап тексеру туралы ақпарат;
- салыстырып тексеру күні;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың немесе өздігінен желімделетін лейблдің жарамдылық мерзімі;
- бөлім (зертхана) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
- салыстырып тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
- лейблдер, пломбалар бойынша мәліметтер.
Салыстырып тексеру зертханалары ұсынатын деректер автоматты режимде келіп түскен сәттен бастап техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде есепке алынады.
Сонымен қатар, "Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларында" салыстырып тексеру таңбалары өлшеу құралдарын салыстырып тексерудің оң нәтижесі туралы куәландыруға арналғандығы нақтыланады, сонымен бірге:
- металл таңбалар және пластикалық пломбалар — өлшем құралдарын реттеу тораптарына қолжетімділікті жабу үшін;
- жез таңбалар — шыны сыйымдылық өлшемдерін және шыны сұйық термометрлерді таңбалау үшін;
- өздігінен желімделетін лейблдер — өлшем құралдарына (пломбалау үшін көзделген құрылғылар болмаған жағдайда) немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатқа немесе өлшем құралдарының техникалық құжаттамасына салуға арналған.
Сондай-ақ, салыстырып тексеру таңбаларын салу тәсілдері бекітілді:
- металл таңбаның бедері мастикаға, сүргішке басу немесе қорғасын тығынына соққылау әдісімен пломбалау үшін конструктивті көзделген құрылғыға салынады;
- жез таңбаның бедері химиялық заттарға үйкелуіне төзімді сыйымдылықтың шыны өлшемдерінің немесе термометрлердің корпусына салынады;
- пластикалық пломба пломбалау үшін конструктивті көзделген құрылғыларға салынады;
- өздігінен желімделетін лейбл желімдеу жолымен салынады.
Енгізілген өзге де жаңа өзгерістер жайлы сілтемеге өту арқылы оқи аласыз.
Бұйрық 2024 жылғы 26 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:28, 18 қараша 2024
Талғар әкімінің орынбасары тағайындалды: ол туралы не белгілі
-
15:01, 18 қараша 2024
Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады
-
14:40, 18 қараша 2024
Бибігүл Төлегенова 95 жасын «Астана Опера» сахнасында атап өтті
-
14:17, 18 қараша 2024
Қазақстан жолдары бойынша жол жүру шектеулері: жаңартылған ережелер
-
13:54, 18 қараша 2024
Таразда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады