Талғар ауданында қайырымдылығымен көпке жақын ер адамды әлдекім пышақтап өлтіріп кетті
© Фото: zakon.kz
Алматы облысы, Талғар ауданы, Ақтас елдімекенінде нан пісіретін орын қожайынын әлдекімдер пышақтап өлтіріп кеткені туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Алматы облысының полиция департаменті аталған деректі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Threads-тағы жазба авторы қанды оқиға түнде Талғар ауданына қарасты Ақтас елдімекенінде болғанын, ақша жетпей тұрса нанды тегін бере салып, жұма күндері нанын дүкендерге тегін таратып, жолай жолаушыларды көлігімен тегін ала кететін тандыр нан сататын орынның көпке қайырымдылығымен танымал қожайынын өлтіріп кеткенін, оған 13 рет пышақ сұғылғанын жазады.
Алматы облысының полиция департаменті кісі өлтіру дерегін растағанымен, 13 рет пышақ сұғылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Аталған фактіге сәйкес кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 жастағы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ол өз кінәсін толықтай мойындады. Қолда бар ақпараттарға сәйкес жәбірленуші мен күдікті арасында өзара кикілжің туындаған. Салдарынан күдікті ер адамға екі рет пышақ сұғып, оқиға орнынан бой тасалаған". Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Атырауда тоқ соғып, жұмысшының қол-аяғынан айырылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:39, 26 тамыз 2026
Қазақстан мен Вьетнамның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы: Аида Балаева мен Фам Тхи Тхань Ча кездесті
-
18:32, 26 тамыз 2026
«Күн ашық болады». Еліміз бойынша 27 тамызға арналған ауа райы болжамы
-
18:32, 26 тамыз 2026
«Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады». Еліміз бойынша 27 тамызға арналған ауа райы болжамы
-
18:23, 26 тамыз 2026
Ұлдананың үстіне кондиционер құламағаны рас па? Астанадағы фельдшер өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды
-
17:54, 26 тамыз 2026
Құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы АЧ: Қазақстан екі қола медаль иеленді





