«Қазгидромет» бес қала тұрғындарына ескерту жасады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Алматы, Астана және Қазақстанның тағы үш қаласының тұрғындарына далада ұзақ жүрмеуге кеңес берілді. Бұған қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуде айтылған.
"2026 жылғы 26 тамызда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Алматы қалаларында, ал түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген синоптиктер ескертуінде.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың, атап айтқанда желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсияның жиынтығы.
ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластаушы көздердің маңында ұзақ жүрмеу ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге кеңес беріледі.
Бұған дейін синоптиктер 26 тамызға Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:32, 26 тамыз 2026
Қазақстанда шетелдік баспа басылымдарын есепке алу қағидалары жаңартылды
-
10:21, 26 тамыз 2026
Бибісара Асаубаева Франциядағы беделді рапид турнирінде қарсыластарынан басым түсті
-
10:14, 26 тамыз 2026
Рыбакинаға US Open турниріне қатысудан бас тартуға кеңес берілді
-
10:06, 26 тамыз 2026
Жетісуда есірткінің ірі партиясын таратпақ болған 19 жастағы күдікті ұсталды
-
09:53, 26 тамыз 2026
Алматыда ақ ұнтақ салынған пакетпен полицейлерді арандатпақ болған ер адам ұсталды





