Құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы АЧ: Қазақстан екі қола медаль иеленді
© Сурет: olympic.kz
Қытайдың Гуйян қаласында спорттық құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан әйелдер құрамасы U19 санатында "жылдамдық" бағдарламасындағы эстафеталық сайыста қола жүлдегер атанды. U17 жас санатындағы эстафеталық жарыста ерлер құрамасы екінші қола жүлдені ел қоржынына салды.
"Боулдеринг" бәсекесінде Кымсан Цой 20-орын, Глеб Семешкин 26-орын, Евгений Ким 27-орынға тұрақтады. Әйелдер арасында Лейла Геккеева Виктория Ильницкая, Амира Қайсар 19-орын, Яна Войтович 23-орыннан көрінді.
"Қиындық" сайысында Глеб Семешкин 18-орын, Евгенний Ким 22-орын, Матвей Павлов 24-орынға табан тіреді. Әйелдер бәсекесінде Виктория Ильницкая 16-орын, Лейла Геккеева 17-орын, Яна Войтович 18-орын, Амира Қайсар 20-орынға тұрақтады.
Ал "жылдамдық" бағдарламасында Роман Курассов тоғызыншы орынға ие болды. Рашид Хайбуллин 10-орынға тұрақтаса, Әлихан Татамбай 11-орын, Дмитрий Ананьев 14-орыннан көрінді. Ал әйелдер арасындағы сайыста Алина Львова ширек финалға дейін жетіп, сегізінші орынға ие болды. Арина Новицкая 9-орын, Виктория Ильницкая 13-орын, Ралина Абдулова 14-орынға табан тіреді.
Ал U17 жас санатындағы "боулдеринг" сайысында Егор Некрещенный 13-орын, Евгенний Корнеев 18-орын алды. Әйелдер арасында Анна Семешкина 20-орын, Арина Панченко 24-орынға тұрақтады.
"Қиындық" бағдарламасында Евгенний Корнеев 18-орын, Егор Некрещенный 21-орыннан көрінді. Әйелдер арасында Анна Семешкина 20-орын, Арина Панченко 27-орынмен жарысты аяқтады.
Ал "жылдамдық" санатында Давид Кононов 12-орын, Арсений Тен 15-орын, Вадим Сагинтаев 19-орынға жайғасты. Әйелдер құрамасының сапында Таиссия Носкова 14-орын, Амели Аскарова 17-орын, Анастасия Андриенко19-орын, Анастасия Выродова 21-орынмен жарыста аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:39, 26 тамыз 2026
Қазақстан мен Вьетнамның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы: Аида Балаева мен Фам Тхи Тхань Ча кездесті
-
18:32, 26 тамыз 2026
«Күн ашық болады». Еліміз бойынша 27 тамызға арналған ауа райы болжамы
-
18:32, 26 тамыз 2026
«Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады». Еліміз бойынша 27 тамызға арналған ауа райы болжамы
-
18:23, 26 тамыз 2026
Ұлдананың үстіне кондиционер құламағаны рас па? Астанадағы фельдшер өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды
-
17:50, 26 тамыз 2026
Астанада жазда жеңіл жолмен ақша тапқысы келген қос студент 7 жылға сотталды





