«Күн ашық болады». Еліміз бойынша 27 тамызға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер алдағы бейсенбі, яғни 2026 жылғы 27 тамызға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, антициклон әсерінен республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және қиыр шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста, солтүстікте нөсер жаңбыр болып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа жел екпінінің күшеюі жатқызылады, түнде және таңертең республикамыздың солтүстігі мен шығысында тұман түсуі болжанады", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
- жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысының батысында, шығысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 27, 28 және 29 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:25, 26 тамыз 2026
Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қандай нәтиже көрсетті
-
19:08, 26 тамыз 2026
Кімдер Құрылтай депутаттары атанады: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады
-
18:56, 26 тамыз 2026
«Бөтен нөмірден WhatsApp арқылы шыққан». Оңтүстікте коллекторлар қатаң жазаланды
-
18:39, 26 тамыз 2026
Қазақстан мен Вьетнамның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы: Аида Балаева мен Фам Тхи Тхань Ча кездесті
-
18:32, 26 тамыз 2026
«Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады». Еліміз бойынша 27 тамызға арналған ауа райы болжамы





