Таиландтан эвакуацияланған шала туған нәресте екі айлық емнен кейін үйіне шығарылды
© Фото: zakon.kz
Таиландтың Пхукет қаласынан Қазақстанға санитариялық авиациямен жеткізілген шала туған нәресте екі айдан астам ем қабылдағаннан кейін үйіне шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Әлиев Аслан Қазақстанға 1 ай 18 күндік кезінде ауыр асқынулармен және дене салмағының өте төмен болуына байланысты жеткізілген. Ол Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жаңа туған нәрестелердің анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылған.
Емдеу барысында дәрігерлер нәрестенің өміріне қауіп төндірген жасырын ішек перфорациясын дер кезінде анықтап, шұғыл ота жасаған. Балалар хирургтері патологияны жойып, сәбидің өмірін сақтап қалған.
Операциядан кейін Аслан неонатологтер, анестезиолог-реаниматологтер, балалар хирургтері мен басқа да мамандардан құралған мультидисциплинарлық топтың тәулік бойы бақылауында болды.
Дәрігерлердің айтуынша, кешенді ем мен заманауи технологиялардың арқасында баланың жағдайы тұрақтанған. Ем қабылдау кезеңінде оның салмағы 1200 грамға артып, бүгінде 2500 грамға жеткен. Қазір нәресте оттегі қолдауынсыз өздігінен тыныс алады, табиғи жолмен қоректенеді және ішек қызметі қалпына келе бастаған. Осыған байланысты ол мамандардың бақылауымен емдеу мен оңалтуды үй жағдайында жалғастырады.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Абай Құсайыновтың сөзінше, сәбидің өмірін сақтап қалуға уақтылы ұйымдастырылған медициналық эвакуация, жедел диагностика, шұғыл хирургиялық көмек және мамандардың үйлесімді жұмысы мүмкіндік берген. Сондай-ақ ол баланың отбасы қымбат тұратын медициналық көмекті мемлекет есебінен толық көлемде тегін алғанын атап өтті.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның Орталық Азиядағы санитариялық авиацияның ұлттық шұғыл медициналық көмек жүйесіне толыққанды кіріктірілген жалғыз мемлекет екенін мәлімдеді. Жүйе пациенттерді эвакуациялаумен қатар, өңірлерге мамандандырылған дәрігерлік бригадаларды жіберуді, күрделі медициналық көмекті жергілікті жерде көрсетуді және пациенттердің өңіраралық маршрутталуын қамтамасыз етеді.
Министрлік кішкентай пациенттің өмірін сақтап қалған дәрігерлер мен санитариялық авиация мамандарына алғыс білдіріп, Асланға тезірек сауығып кетуін тіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:06, 9 тамыз 2026
Ахмади Маханов алғаш рет World Tennis J100 турнирінің чемпионы атанды
-
17:53, 9 тамыз 2026
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
-
16:38, 9 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің чемпионы атанды
-
16:04, 9 тамыз 2026
10 тамызда елде ауа райы құбылмалы болып, температура +44°C-қа дейін жетеді
-
15:33, 9 тамыз 2026
Ақтас кентіндегі психиатриялық аурухана пациенттеріне қатыгездік көрсетілгені рас па





