Цифрлық даму министрлігі ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауына қатысты түсінік берді
© Фото: zakon.kz
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауы қызмет сапасына қалай әсер етуі тиіс екенін айтып, қазақстандықтардың мобильді интернеттен бас тартып жатқаны туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер тарифтердің өсуінен кейін қазақстандықтардың бір бөлігі мобильді интернеттен бас тарта бастағаны рас па және бұл цифрлық қызметтердің қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін бе деген сауал қойды.
"Бізде мұндай статистика жоқ. Жалпы, менің білуімше, елімізде ұялы байланыс абоненттерінің саны шамамен 27 миллионға жуық. Бұл көрсеткіш үнемі өзгеріп отырады. Кейбір адамдар бірнеше SIM-карта пайдаланады, кейде белгілі бір операторлардың қызметінен бас тартады. Оның ішінде тарифтер де себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар өткен жылдың ортасында біз алаяқтыққа қарсы іс-қимылға бағытталған заңнамалық түзетулер пакетін қабылдап, сәйкестендіру кодтары мен пайдаланылмайтын абоненттердің деректер базасын тазарту жұмыстарын белсенді бастадық. Тексеру барысында олардың бір бөлігі алаяқтық мақсатта қолданылғаны анықталды", – деді Досжан Мұсалиев.
Оның айтуынша, абоненттер санының өзгеруі тарифтердің қымбаттауынан емес, байланыс операторларымен бірлесіп жүргізіліп жатқан пайдаланылмайтын, яғни "үнсіз" SIM-карталарды өшіру жұмыстарына байланысты болуы ықтимал. Мұндай SIM-карталар кейбір жағдайларда алаяқтық әрекеттерде пайдаланылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 21 шілде 2026
Таиландтан эвакуацияланған шала туған нәресте екі айлық емнен кейін үйіне шығарылды
-
22:12, 21 шілде 2026
«Құдды торнадодай»: Павлодар облысындағы ауылдың бір бөлігін дауыл ойрандады
-
21:58, 21 шілде 2026
Полиция электрлі самокатты қауіпсіз пайдалану қағидаларын еске салды
-
21:12, 21 шілде 2026
Триатлоннан Түркістандағы Азия кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
20:51, 21 шілде 2026
22 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды





