Таиландта жас жігіт мектепке шабуылдап, адамдарды кепілге алды

20:51, 11 ақпан 2026

© Сурет: pixabay

Таиландтың оңтүстігіндегі Сонгхла провинциясының Хатяй қаласында 18 жастағы жігіт мектепке кіріп, оқ жаудырып, адамдарды кепілге алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC News телеарнасының хабарлауынша, тәртіп сақшылары қарулы жігітті ұстап, кепілге алынған адамдарды босатты.

Қарулы шабуыл салдарынан үш адам жарақат алғаны белгілі, зардап шеккендердің екеуі мұғалім және біреуі - оқушы. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.