Астанада, Шымкентте және 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

23:06, 10 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 ақпанда Астанада, Шымкентте және 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Астанада түнде және таңертең қар, көктайғақ, тұман күтіледі. Бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с

Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Ақтауда көктайғақ күтіледі.

Абай облысында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Семейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Өскеменде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Жезқазғанда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде аздаған қар, түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбіне қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысыда жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Түркістанда жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында күші 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Көкшетауда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз аздаған қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда түнде қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысында оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!