Талғар қаласының әкімі отставкаға кетті
© Сурет: Instagram/talgarturgynui
Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығыма байланысты лауазымынан кету туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы қала әкімдігінің желідегі парақшасында хабарланды.
"Денсаулығыма байланысты өз қызметімді аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім маған оңайға соққан жоқ. Денсаулығыма байланысты біраз уақыт еңбек демалысында болдым. Денсаулық жағдайы қызметтік міндеттерімді толық әрі жауапкершілікпен атқаруға кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды дұрыс деп санаймын", - деп жазды ол.
2024 жылғы желтоқсандағы сайлауда жеңіске жеткен Арыстанбек Әбілқайырұлы бұл лауазымын 1 жыл екі ай атқарды.
Бұған дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі жаңадан тағайындалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 11 ақпан 2026
Қарағанды облысында мұз жарылып, отбасылы жұп көлігімен бірге өзенге батқан
-
22:28, 11 ақпан 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады, аяз болады». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:57, 11 ақпан 2026
Астанада ертең оқушылар мен кейбір студенттер қашықтан оқыту форматына көшіріледі
-
20:51, 11 ақпан 2026
Таиландта жас жігіт мектепке шабуылдап, адамдарды кепілге алды
-
20:27, 11 ақпан 2026
ШҚО-да бірнеше пәтер ұрлығы фактісі ашылды





