Тайландқа сапарламақ қазақстандық әйел ұмытшақтығының кесірінен жолынан қала жаздады
© Сурет: Көліктегі полиция департаменті
Таиландқа аттанбақ қазақстандық әйел ұмытшақтығының кесірінен ақшасы мен сөмкесінен айырылып қала жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылы 21 қаңтарда Қостанай қаласының тұрғыны 19 қаңтарда Қостанай – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызымен жолға шыққанын хабарлады.
"Астана станциясына келгеннен кейін ол вагоннан түсіп, біраз уақыт өткен соң абайсызда жеке құжаттары, шетелдік паспорты, Таиланд еліне туристік жолдамалары, сондай-ақ 1700 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражаты бар сөмкесін пойызда қалдырып кеткенін аңғарған. Бұл кезде пойыз әрі қарай жүріп кеткен, ал аталған жолаушы сол күні кешке шетелге ұшып кетуді жоспарлаған", делінген полиция хабарламасында.
Осыған байланысты жолаушы полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы тарапынан дереу жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде сөмке аталған жолаушылар пойызында ілесіп жүру жасағында қызмет атқарған патрульдік полиция қызметкерлері Айбек Аманжолов пен Шерхан Нұрмаш тарапынан табылды.
Сөмкенің ішіндегі барлық заттар мен ақшалай қаражат заңды иесіне толық көлемде қайтарылды.
"Көлік полицейлері әуе және теміржол көлігі нысандарында адамдардың күн сайын көп жиналатынын еске салады. Жеке заттарды жоғалту мен ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жолаушыларға заттарын қараусыз қалдырмау, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде полиция қызметкерлеріне уақтылы жүгіну керек", деп үндейді полициядағылар.
Бұған дейін Индонезияда ресейлік блогерді ұрды деген күдікпен қазақстандық модель ұсталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:21, 21 қаңтар 2026
Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
-
18:58, 21 қаңтар 2026
Дербес несиелік есепті енді оңай алуға болады
-
18:58, 21 қаңтар 2026
Дербес кредиттік есепті енді оңай алуға болады
-
18:43, 21 қаңтар 2026
Датчиктер орнату қымбатқа түседі: Қазақстан жолдарға түсетін ауыр жүктеме мәселесін басқаша шешетін болды
-
18:36, 21 қаңтар 2026
Алматының элиталы ауданынан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне пәтер берілгені рас па - ІІМ түсініктемесі





