Шымкентте жүргізуші куәлігін алу емтиханы кезінде автокөлік аударылып кеткен

19:46, 20 қаңтар 2026

© Сурет: видео скрині

Шымкентте жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсырып жатқан кезде үміткер басқара алмай, автокөлік аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 19 қаңтарда Шымкенттегі №4 мамандандырылған ХҚКО аумағында болған. Жүргізуші куәлігін алуға келген үміткер тапсырмалардың бірін орындау барысында көлік құралын айдаған кезде қателік жіберіп, соның салдарынан көлік аударылып кеткен, деп жазды Kazinform.

Оқиғаға қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Шымкент бойынша филиалы ресми түсінік берді.

"Мамандандырлыған ХҚКО қызметкерлері оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті, сондай-ақ 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем шақырылды. Үміткердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Аталған оқиға мемлекеттік қызмет көрсету процесіне әсер еткен жоқ, қазіргі уақытта практикалық емтихан штаттық режимде қабылданып жатыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!