Датчиктер орнату қымбатқа түседі: Қазақстан жолдарға түсетін ауыр жүктеме мәселесін басқаша шешетін болды
© Фото: zakon.kz
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 21 қаңтарда Мәжілісте өткен брифинг барысында қалалардағы ауыр жүк көліктері қозғалысын бақылау тәсілдерін қайта қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бағдарлама аясында Қазақстан бойынша осындай 230 автоматты станция орнатуымыз керек, бұл қалаларды ауыр жүк көліктерінен қорғау үшін қажет.
"Біздің жолдарымыз 8 тоннаға дейін, қаладағысы одан да аз жүктемеге сай есептелген. Егер ауыр көліктер мегаполистерге кіретін болса, жол бірден бұзылады. Яғни, физикалық тұрғыдан алғанда, мұндай көліктер жолдың жауы. Сонымен қатар, қалалар бойымен орнатуды қажет ететін осьтер саны өте көп: әр қалада қанша көше барын есептеп көріңізші. Экономикалық тұрғыдан, бұл өте қиын. Сондықтан қазір біз қаламен бірлесіп жаңа нұсқаны қарастырып жатырмыз, осьтік жүктемені анықтайтын датчиктерді орнатпай-ақ ауыр салмақты автомобильдерді анықтау үшін "ақылды" камераларды пайдалануды жөн көріп отырмыз", - деді министр.
Оның айтуынша, бақылау пункттерін орнату жоспарларын жабдықтың қымбаттығына және оны көп мөлшерде орнату қажеттілігіне байланысты қайта қарауға тура келген. Егер республикалық және облыстық жолдарда 230 осьті орнату туралы бастапқы жоспарды ұстанатын болсақ, онда шамамен әр 800 шақырым сайын бір ғана станция болар еді, бұл, әрине жеткіліксіз.
Сондай-ақ ол алдыңғы көлік министрінің шамадан тыс жүктемелерге қарсы қолға алынған шараларды жою көзделмейтінін айтты: бақылау пункттері жұмысын жалғастыруда, ал осьтік станцияларды айналып өтетін жүк көліктерінің жүргізушілері тіркеуге алынып, жазаланатын болады.
Журналистер әлеуметтік желіде далада орнатылған бақылау пункттерін айналып өту жағдайлары туралы жарияланған деректі алға тартты.
"Біз осындай схемаларды талдаймыз, сонымен қатар жаңа тәсілдерді қарастырамыз. Біз халықаралық тәжірибені зерттейміз: Ресей Федерациясында және Еуропада қолданылатын шешімдерді. Бизнеспен бірлесе отырып, біз жолдарды ауыр жүктемеден қорғау үшін ең қолайлы және мемлекет үшін үнемді шешімдерді іздестіреміз. Егер шешім камералар жүйесі арқылы жүзеге асырылса, менің ойымша, бұл өте ұтымды болар еді, қалаларда оны шешуге болады", деп сөзін жалғастырды Нұрлан Сауранбаев.
Бұған дейін Қазақстанда авиакеросиннің бағасы тағы арзандайтынын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 21 қаңтар 2026
Трамп Греландияға иелік етуде АҚШ күш қолданбайтынын мәлімдеді
-
19:37, 21 қаңтар 2026
Жаңа Салық кодексі: Үкіметте алғашқы қорытындылар жасалды
-
19:21, 21 қаңтар 2026
Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
-
18:58, 21 қаңтар 2026
Дербес несиелік есепті енді оңай алуға болады
-
18:58, 21 қаңтар 2026
Дербес кредиттік есепті енді оңай алуға болады





