Тағы бір әскери қызметкер бақилық болды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2024 жылғы 14 қарашада Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Құрлық әскерлерінің мәліметіне сүйенсек, 14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі",- деп мәлімдеді ведомство.
Айта кетейік, соңғы кездері әскерилер өлімі жиілеп кетті. Мәселен, 8 қыркүйекте Маңғыстау облысында полигондағы оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапқаны хабарланды. Ал, 13 қыркүйек күні Алматыда әскери институт аймағында офицердің өлі денесі табылды. 17 қыркүйек күні болса, Арыста әскери қызметкер өзіне оқ атып, өмірімен қоштаспақ болды. Сондай-ақ, дәл осы күні Алматы облысында полигонда әскери қызметкер оқтан жараланды. 20 қыркүйек күні болса, Абай облысында Аягөз гарнизонының әскери қызметкері өз-өзіне қол жұмсады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:19, 26 желтоқсан 2024
15 жылқыны ұрлады деген күдікпен шығысқазақстандық қолға түсті
-
14:08, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апатының орнынан тікелей бейнелер таратқан блогер жұртшылықтың наразылығын тудырды
-
13:55, 26 желтоқсан 2024
Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти болып қайта сайланды
-
13:42, 26 желтоқсан 2024
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
-
13:34, 26 желтоқсан 2024
Олжас Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды