Табиға апат болуы мүмкін: еліміздегі ірі қорықтардың бірі қазақстандықтарға ескертумен жүгінді
© Сурет: pexels
Қазақстандағы ең ірі қорықтартың бірі саналатын "Алтын-Емел" ұлттық табиғи паркі 2026 жылдың 2 шілдесінде ел тұрғындары мен сапарға шыққалы жүрген азаматтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми хабарлама парктің Instagram парақшасында жарияланған:
"Ауа райының қолайсыздығына (нөсер жаңбыр) байланысты аймақта сел жүру қаупі бар. Саяхаттарыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз!",- делінген ақпаратта.
"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Қазақстандағы ең үлкен қорықтардың бірі. Оның жалпы аумағы 300 мың гектардан асады. Ол Жетісу облысындағы Іле өзені аңғарында орналасқан (Алматы қаласынан шамамен 250 км қашықтықта). Парк өзінің ерекше шөлді-таулы ландшафтарымен, сирек кездесетін жабайы жануарларымен (құлан, қарақұйрық) және бірегей археологиялық ескерткіштерімен танымал. 2017 жылы ол ЮНЕСКО-ның биосфералық резерват мәртебесін алған.
Айта кетейік 2026 жылдың 1 шілдеде Алматы қаласы мен Алматы облысының тау бөктеріндегі өзендердегі су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты сел қаупі жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:45, 2 шілде 2026
2026 жылғы шілде айында теңге бағамы қандай болады: экономистер болжамы
-
14:38, 2 шілде 2026
Қазақстанда жоғары білім берудің жаңа әлемдік моделі сынақтан өтеді
-
14:26, 2 шілде 2026
Си Цзиньпин қазақ текті дәрігерге Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары марапатын табыстады
-
14:15, 2 шілде 2026
Атырауда 12 жастағы қызының көзінше әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты
-
14:08, 2 шілде 2026
Саран қаласында банк менеджері клиенттердің атына артық несие рәсімдеп, миллиондаған теңгені иемденген





