Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы
© Фото: Zakon.kz
Алдағы күндері Астана мен Алматыда түнгі үсік жүріп, тұман түсуі мүмкін. Ал Шымкентте түнде де жылы ауа температурасы сақталады. Еліміздің үш мегаполисінде де жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 27, 28 және 29 қазанға арналған ауа райы болжамында мәлімдеді.
Астанадағы ауа райы болжамы
- 27 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы – 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы -1-ден -3°С-қа дейін төмендейді, күндіз +8...+10°С болады.
- 28 қазан: көшпелібұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде -1...-3°С, күндіз +8...+10°С.
- 29 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 5-10 м/с. Түнде -1...-3°С, күндіз +6...+8°С.
Алматыдағы ауа райы болжамы
- 27 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде -1...-3°С-қа дейін үсік жүреді, күндіз +11...+13°С болады.
- 28-29 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде 0...+2°С, күндіз +12...+14°С.
Шымкенттегі ауа райы болжамы
- 27 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Түнде +3...+5°С, күндіз +17...+19°С болады.
- 28-29 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Түнде +3...+5°С, күндіз +16...+18°С күтіледі.
Бұған дейін алдағы күндері Қазақстанда антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болатыны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:27, 27 қазан 2026
Қазақстан мен Қытай «Қорғас» халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек
-
10:07, 27 қазан 2026
Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі
-
22:24, 26 қазан 2026
Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауы өтіп жатыр
-
21:59, 26 қазан 2026
«Енді алимент төлеуден жалтару деген болмайды». Бектенов депутаттық сауалға жауап берді
-
21:59, 26 қазан 2026
«Енді ер адамдар алимент төлеуден жалтара алмайды». Депутаттық сауалға Бектенов жауап берді





