Қазақстанда бірден жеті микроқаржы ұйымының лицензиясы қайтарып алынды
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда жекелеген микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қызметіне тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соққан заңнама талаптарын жүйелі түрде бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 27 қазанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) мәлімдеп, мынадай ақпарат берді:
"Осыған байланысты агенттік жеті МҚҰ-ның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларынан айыру туралы шешім қабылдады".
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 23 қазандағы бұйрықтар негізінде мына ұйымдардың лицензиялары қайтарып алынды:
1. "МҚҰ "MaxMoney" ЖШС;
2. "МҚҰ "Microfinance Systems" ЖШС;
3. "МҚҰ "SurfKaz Finance" ЖШС;
4. "МҚҰ "MFO№1" ЖШС;
5. "МҚҰ "Үміт Финанс" ЖШС;
6. "МҚҰ "Вивус" ЖШС;
7. "МҚҰ "EL QAZYNA" ЖШС.
"Қабылданған шешімдер заң бұзушылықтардың жолын кесуге, адал емес тәжірибелердің алдын алуға, микроқаржы нарығына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға және заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған", – деп хабарлады ҚНРДА баспасөз қызметі.
Агенттік МҚҰ қызметіне жүйелі әрі тәуекелге бағдарланған қадағалауды жалғастыратынын атап өтті. Бұл ретте қарыз алушылардың құқықтарын сақтауға, заң бұзушылықтарды уақтылы анықтауға және заңнамада көзделген қадағалау шараларын қолдануға ерекше назар аударылады.
"Лицензиясынан айырылған МҚҰ микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ жекелеген жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес", – делінген агенттік хабарламасында.
Заңнамаға сәйкес, лицензиясынан айырылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде МҚҰ қайта тіркеуден өтуге міндетті. Ол үшін ұйым атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, олардың туынды нұсқаларын немесе заңды тұлғаның микрокредит беру қызметімен айналысатынын білдіретін аббревиатураны алып тастауы керек. Сондай-ақ ұйымды қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдай алады.
"Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері шарт талаптарына сәйкес міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапты болады", – деп ескертті ҚНРДА баспасөз қызметі.
Бұған дейін, 2026 жылғы 2 қазанда, ҚНРДА микроқаржы ұйымы жұмысын тоқтатқан жағдайда қарыз алушылардың не істеуі керектігін түсіндірген болатын. Агенттік МҚҰ қызметінің тоқтатылуы микрокредит бойынша берешектің жойылғанын білдірмейтінін атап өткен еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:28, 27 қазан 2026
Қазақстанда жарты миллионнан астам адам такси қызметін көрсетеді
-
13:07, 27 қазан 2026
Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды
-
12:58, 27 қазан 2026
Алматыда R.O.I. қаржы пирамидасына қатысты іс тергеліп жатыр: 25 пәтер мен үш көлікке тыйым салынды
-
12:17, 27 қазан 2026
27 қазанда Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:57, 27 қазан 2026
Үкіметте алимент өндіру тәртібі түсіндірілді





