Сауд Арабиясы ұмра жасауға арналған бір жылдық көп мәртелік виза енгізді
© Сурет: pixabay
Сауд Арабиясы ұмра қажылығын өтеуге арналған жаңа көп мәртелік визаны іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігінің мәліметінше, жаңа виза берілген күннен бастап 365 күн бойы жарамды болады. Ол қажыларға бір жыл ішінде Корольдікке бірнеше рет кіріп-шығуға мүмкіндік береді. Алайда бұл визамен Сауд Арабиясында болу мерзімі жалпы 90 күннен аспауы тиіс. Бұл шектеу визаның қолданылу мерзімі ішінде жасалған барлық сапарлардың жиынтық уақыты бойынша есептеледі.
Әрбір сапар алдында қажылар міндетті түрде Nusuk платформасы арқылы министрлік аккредитациялаған қызмет көрсетушілердің бірінен арнайы сервистік пакетті сатып алуы қажет. Бұл пакетке Сауд Арабиясында болуға қажетті негізгі қызметтер кіреді. Сонымен қатар пакеттің жарамдылық мерзімі визада қалған рұқсат етілген күн санынан аспауы керек.
Қажылық және ұмра министрлігі жаңа көп мәртелік виза қажылық маусымында қолданылмайтынын ерекше атап өтті.
"Бұл виза тек ұмра қажылығын өтеуге арналған", – деп мәлімдеді министрлік.
Сауд Арабиясы билігінің айтуынша, бұл жаңашылдық қажылардың сапарын ұйымдастыруды жеңілдетуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және Saudi Vision 2030 бағдарламасы аясында діни туризмді дамытуға бағытталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:46, 22 шілде 2026
Стратегиялық цифрлық майнинг жүргізу қағидалары бекітілді
-
14:38, 22 шілде 2026
Өңірлік символиканы қай жерде пайдалануға болады: ережелер бекітілді
-
14:27, 22 шілде 2026
Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауданың 7 ірі орны жойылды
-
14:17, 22 шілде 2026
Ұлттық банк 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноталарға қатысты маңызды ескерту жасады
-
14:07, 22 шілде 2026
Сотталған Жақсылық Омардың орнына ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кім келді





