Қытайда әйелдерге арналған жаңартылған электромобиль таныстырылды
© Сурет: oraev
Қытайда аты аңызға айналған Volkswagen Beetle моделіне ұқсас заманауи электромобиль шығарылды. Жаңа көлік Ora Ballet Cat деп аталады, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Өндірушінің ресми мәліметінше, бұл модель негізінен әйел жүргізушілерге арналған. Сондықтан оның салонында ыңғайлылыққа арналған бірқатар ерекше мүмкіндіктер қарастырылған.
Атап айтқанда, көлікте:
- макияж жасауға арналған үлкен айна;
- суретке түсіп, оны бірден әлеуметтік желіге жүктеуге мүмкіндік беретін селфи-камера;
- салонды қысқа уақытта жылытып беретін Warm Man Mode арнайы режимі бар.
Сонымен қатар жаңартылған Ora Ballet Cat жаңа электрқозғалтқышпен жабдықталған. Оның қуаты бұрынғы 169 ат күшінен 201 ат күшіне дейін артқан.
Сондай-ақ көліктің ең жоғары жылдамдығы сағатына 154 шақырымнан 180 шақырымға дейін ұлғайған.
Бұған дейін Mercedes-Benz ең қуатты электромобилін таныстырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:06, 9 тамыз 2026
Ахмади Маханов алғаш рет World Tennis J100 турнирінің чемпионы атанды
-
17:53, 9 тамыз 2026
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
-
16:38, 9 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің чемпионы атанды
-
16:04, 9 тамыз 2026
10 тамызда елде ауа райы құбылмалы болып, температура +44°C-қа дейін жетеді
-
15:33, 9 тамыз 2026
Ақтас кентіндегі психиатриялық аурухана пациенттеріне қатыгездік көрсетілгені рас па






