Су тасқынынан зардап шеккен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар қандай қолдау алады

15:50, 16 сәуір 2024

© Сурет: amanatpartiasy

Еңбек министрлігі 2024 жылғы 11 сәуірдегі бұйрықпен төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау шараларын белгілейтін бірқатар бұйрықтарына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, су тасқынынан зардап шеккен АӘК алушыларға әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылады. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұдан әрі медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Түзетулерге сәйкес, қайта куәландырусыз мүгедектігі бар адамдар мүгедектік мерзімдерін, ТЖ кезеңінде еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін ұзартады.

Жаңартылған нормада:

"Төтенше жағдай кезеңінде қайта куәландыру мерзімі автоматты түрде ұзартылады, яғни алып жүрген көмегінің уақыты ұзарады. Бұған төтенше жағдай режимінің қолданысы аяқталған ай толық есептелінеді".

Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында жаңа нормалар пайда болды. Оларға сәйкес төтенше жағдай кезінде қарыз алушыларға төлемдерді кейінге қалдырылады. Ағымдағы жылдың кестелері бойынша барлық төлемдер шарттың қолданысын тиісті ұзарта отырып, біркелкі төлемдермен қаржыландыру мерзімі аяқталғанға дейін келесі жылдың төлемдеріне бөлінеді.

Бұдан басқа, қарыз алушылардың кредиттері бойынша ТЖ-ға байланысты туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларына толықтыруларға сәйкес төтенше жағдай жарияланған аумақта субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың еңбегіне ақы төлеуді еңбек орталығы ай сайын жұмыс берушілерден мәліметтерді талап етпей, жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің ағымдағы шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырады.

Бұйрық 2024 жылдың 15 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!