Су қайта оралады: Қазақстанда 40 жылда алғаш рет маңызды арна тазартыла бастады
© Сурет: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
Қазақстанда 40 жылдан бері алғаш рет Фурманов айналма каналы механикаландырылған түрде тазартылып жатыр. Бұл туралы Zakon.kz-ке ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, бүгінде ұзындығы 52 шақырымдық бөлік тазартылды. Аталған канал арқылы Шу өзенінің суы Түркістан облысының Созақ ауданына жеткізіледі.
"Фурманов айналма каналын тазалау жұмыстарына сегіз шынжыр табанды экскаватор мен екі тиегіш техника тартылған. Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу кезеңіне дейін ұзындығы 70 шақырымнан асатын аумақты толық тазалау жоспарланып отыр", – делінген министрлік хабарламасында.
Фурманов айналма каналының өткізу қабілеті – секундына 45–50 текше метр, жалпы ұзындығы – 120 шақырым. Арна Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет және Сарыөзек ауылдарының маңынан өтеді.
Айта кетейік, биыл 10 қыркүйекте ведомство мамандары Солтүстік Арал теңізі күткеннен тез толып жатқанын хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:20, 21 қыркүйек 2026
Алматы тауларында Қытайдан келген турист жарақат алды
-
13:13, 21 қыркүйек 2026
Басы жоқ сәбидің денесі табылды
-
13:03, 21 қыркүйек 2026
Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды
-
12:53, 21 қыркүйек 2026
Мәскеу сотының шешімімен қазақстандық компаниядан 25 млн теңге өндірілді
-
12:45, 21 қыркүйек 2026
Павлодарда полицейлер 30-дан астам пәтер ұрлығын ашты





