Машинист Қазақстан даласында адасып кеткен баланы құтқару үшін пойызды тоқтатты

10:34, 21 қыркүйек 2026
MKZ: 1567934

© Сурет: "ҚТЖ" ҰК" АҚ

Далада жалғыз келе жатқан төрт жасар баланы жүк пойызының машинисі құтқарып қалды. Оқиғаның мән-жайын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне айтып берді.

Оқиға 2026 жылғы 20 қыркүйекте сағат 12:30-да болған.

"Сарыөзек – Үштөбе учаскесімен келе жатқан жүк пойызының машинисі Тауарасы – Айнабұлақ аралығында теміржол маңынан төрт жасар баланы байқап қалған. Бала далада жалғыз өзі Айнабұлақ станциясына қарай кетіп бара жатқан", – деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Сағатына шамамен 38 шақырым жылдамдықпен келе жатқан машинист пойызды тежеу арқылы тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізген.

Ол болған жағдай туралы пойыз диспетчеріне хабарлаған.

Кейін бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылды. Станция кезекшісі оның ата-анасымен байланысқан.

Бұған дейін, 2026 жылғы 28 тамызда, Көкшетау маңындағы теміржол өткелінде пойыздың жеңіл көлікті басып кете жаздағаны туралы жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!