ТЖМ тікұшағы науқасты Баянауылдан Павлодарға шұғыл жеткізді

16:57, 20 қыркүйек 2026
MKZ: 1567868

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

ТЖМ тікұшағы шұғыл медициналық көмекті қажет ететін ер адамды Баянауылдан Павлодарға жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазавиақұтқару" АҚ ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, науқасты шұғыл түрде тасымалдауды жүзеге асырды.

"Тікұшақ 1955 жылы туған ер адамды Баянауыл ауылынан шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Павлодар қаласына жеткізді. Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында науқас облыс орталығына аман-есен жеткізіліп, медициналық мамандарға тапсырылды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

ТЖМ авиациясы адамдарды құтқару және шұғыл көмек көрсету міндеттерін тәулік бойы орындауға дайын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!