Басы жоқ сәбидің денесі табылды

13:13, 21 қыркүйек 2026
MKZ: 1567980

© Сурет: pexels

Үндістандағы Делидің Канджхавала ауданында крематорий қақпасының маңынан басы жоқ сәбидің денесі табылды. Полиция тергеу жұмыстарын бастап, баланың өліміне қатысты мән-жайды анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

News 9 Live басылымының мәліметінше, дене жергілікті тұрғындардың хабарлауынан кейін Мубаракпур-Дабас ауданынан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, шақалақтың жасы шамамен екі-үш айға толған. Қазіргі таңда дене сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Тергеушілер бірнеше топ құрып, айғақтарды зерттеп, куәгерлерден жауап алып, сәбидің басын іздестіріп жатыр. Құқық қорғау органдары крематорий аумағын да тексеріп, мәйіттің қақпа маңына қалай түскенін анықтау үшін оның қызметкерлерімен сөйлесуде.

Оқиға орнына Рохини ауданы полициясының басшылары барған. Құқық қорғау органдары оқиғаның қалай өрбігенін анықтап, оған қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.

Бір күн бұрын Делидің солтүстігіндегі басқа ауданда да денесінде жарақат іздері бар белгісіз адамның мәйіті табылған. Қаза тапқан адамның кім екені әзірге анықталған жоқ. Полиция екі оқиға бойынша да тергеуді жалғастыруда.

Бұған дейін жоғалып кеткен павлодарлықтың қайық апатынан кейін бір апта өткен соң Ертіс өзенінен табылғаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!