Мәскеу сотының шешімімен қазақстандық компаниядан 25 млн теңге өндірілді
© Фото: pexels
Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Мәскеу облысы Арбитраж сотының шешімін Қазақстан аумағында тану және орындау туралы өтінішті қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарына сәйкес, "Э" ЖШҚ шетелдік арбитраж сотының "G" ЖШС-нен 47 мың еуро, сондай-ақ мемлекеттік баж төлеуге кеткен шығындарды өндіріп алу туралы шешімін мәжбүрлеп орындату жөнінде сотқа жүгінген.
"Мәскеу облысы Арбитраж сотының шешімі заңды күшіне енгенімен, борышкер оны өз еркімен орындамаған. Өндіріп алушының өкілі борышкерге Арбитраж сотында істің қаралатыны туралы тиісті түрде хабарланғанын және шығарылған шешімнің заңды күшіне енгенін айтып, өтінішті қанағаттандыруды сұрады", – деп хабарлады Абай облыстық сотының баспасөз қызметі 2026 жылғы 21 қыркүйекте.
Жауапкер талаппен келіспеді. Серіктестік өкілі істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбағанын, шешім көшірмесіндегі мөр бедерінің анық еместігін және шешімнің заңды күшіне енгенін растайтын жеке анықтама ұсынылмағанын алға тартты.
Алайда сот өндіріп алушының барлық қажетті құжатты ұсынғанын анықтады.
"Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Мәскеу облысы Арбитраж сотының "G" ЖШС-нен 25 млн теңге, сондай-ақ 890 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік баж шығындарын өндіріп алу туралы шешімін Қазақстан аумағында танып, орындауға жіберді", – деп хабарлады сотта.
Апелляциялық саты 1992 жылғы 20 наурызда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында жасалған Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімге сәйкес, құзыретті соттардың заңды күшіне енген шешімдері өзара танылып, орындалатынын түсіндірді.
"Апелляциялық сот шетелдік арбитраж шешімдерін тану және орындауға жіберу туралы өтініштерді қарау кезінде дауды мәні бойынша қарамайтынын және талаптардың негізділігін анықтамайтынын атап өтті. Соттың міндеті – тиісті шешімді тануға және орындауға жіберуге заңда көзделген негіздердің бар-жоғын тексеру", – деп толықтырды сот өкілдері.
Ал Батыс Қазақстан облысының жас тұрғыны колледжде оқуына қажетті қаражатты әкесінен сот арқылы өндіріп алуға мәжбүр болған. Сот ата-ананы ұлына ай сайын 40 мың теңге төлеуге міндеттеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:57, 21 қыркүйек 2026
Триатлоннан гимнастикаға дейін: 21 қыркүйекте Азия ойындарында қазақстандық спортшылар өнер көрсетеді
-
13:47, 21 қыркүйек 2026
Қазақстандық спортшы Азия ойындарында ушу-саньдадан ширек финалға шықты
-
13:35, 21 қыркүйек 2026
Қазақстандық жүзуші Азия ойындарында үздік ондыққа енді
-
13:29, 21 қыркүйек 2026
Францияда жол апатынан кейін полиция мен жастар қақтығысты
-
13:20, 21 қыркүйек 2026
Алматы тауларында Қытайдан келген турист жарақат алды





