Стадион лық толы. Алматыдағы Димаштың концертінен фоторепортаж

21:30, 23 қыркүйек 2022

© Сурет: Zakon.kz

Zakon.kz тілшілері де барша әлемге танымал Димаштың концертінде болып, мерекелік ауаннан ләззат алды.

Орталық стадионға жақындай бергенде-ақ стадион толы көрермен болатыны айтқызбай-ақ, көрініп тұрды. Концертке дейін шамамен әлі бір сағат бар, соның өзінде "артылған" билет сатып алғысы келіп жүрген адамдардың мұнда қарасы көп.

Концертті ұйымдастыруға ерік білдірген волонтерлар үш тілде сөйлейді. Стадионда кемінде екі шетелдік фан-клубтың төбесі көрінеді: поляк және француз.

Адамдар бірнеше сағат бойы кезек күтуге және күзеттен асықпай өтуге дайын, тек ішке кірсе болғаны. Концерт басталуға аз-ақ уақыт қалғанда көрермендер өз орындарына жайғасты.

Алматыдағы концерт

Сурет: Zakon.kz

Димаштың концерті

Сурет: Zakon.kz

Димаш сахнаға шықпастан бұрын алдымен жас таланттар өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Димаш жинаған стадион оларға шабыт беріп, тағы бір биік белестерді еңсеруге жол ашуы керек.

Димаштың концерті

Сурет: Zakon.kz

Димаштың концерті

Сурет: Zakon.kz

Қонақтарға жарық беретін таяқшалар таратылды. Олар оны көкке көтеріп, сүйікті әншісімен бірге ән шырқады.

Димаштың концерті

Сурет: Zakon.kz

Концерт

Сурет: Zakon.kz

Концерт белгіленген уақытта басталды. Сахнада қалың түтіннің арғы жағынан көп күткен бүгіннің қаһарманы да төбе көрсетті. Осы кезде әр түрлі жастағы, әртүрлі ұлттан тұратын үлкенді-кішілі жанкүйерлер бір ауыздан сүйікті әншісінің атын атап, стадионды гүрілдетіп қоя берді.

Димаштың концерті

Сурет: Zakon.kz

Концерт

Сурет: Zakon.kz

Димаштың концерті

Сурет: Zakon.kz

Аншлаг

Сурет: Zakon.kz

Мұндағы эмоцияны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әнші салған әр әнге еліткен көрермендердің бір тобы "Браво" деп айғайлап жатса, тағы бірі толассыз шапалақтап, ебіл-дебіл.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!