Соңғы 5 жылда құтқарушылар 240 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетті – Президент
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсыру рәсімінде азаматтық қорғаныс саласына озық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізудің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, кейінгі бес жылда құтқарушылар 75 мыңнан астам жедел шақырту бойынша 240 мыңға жуық азаматқа көмек көрсеткен. Мемлекет азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.
"Бүгінде бұл салаға қойылатын талап түбегейлі өзгеруде. Ең басты міндет – апаттың алдын алу. Сондықтан осы салаға озық технологияны және жасанды интеллектіні енгізу аса маңызды. Құтқару қызметінің материалдық-техникалық әлеуетін нығайту да – өзекті мәселе қатарында", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Соңғы үш жылда 3 мыңдай техника, соның ішінде жаңа ұшақтар мен тікұшақтар, түрлі қызмет көрсетуге арналған кемелер сатып алынған. Сондай-ақ 60-қа жуық өрт сөндіру депосы мен құтқару станциясы салынған.
Президент Төтенше жағдайлар министрлігінің екі жыл бұрын құрылған ахуалдық орталығының жұмысына да тоқталды.
"Төтенше жағдайлар министрлігінің осыдан екі жыл бұрын құрылған ахуалдық орталығы азаматтық қорғаныс жүйесін басқаруға арналған маңызды құрылымға айналды. Соның арқасында тұрақты бақылау, қауіп-қатерді алдын ала болжау, жедел шешім қабылдау жұмысы оң нәтиже бере бастады", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:14, 19 қазан 2026
Президент құтқару саласы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
-
14:02, 19 қазан 2026
Қазақстанда Рамазан қашан басталып, Ораза айт пен Құрбан айт қай күндері өтеді – күнтізбе жарияланды
-
13:56, 19 қазан 2026
Қазақстанда 2027 жылдан бастап жұмысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлем өзгереді
-
13:41, 19 қазан 2026
Президент бейқамдық пен салғырттық – кез-келген қоғамды артқа тартатын қасиеттер
-
13:39, 19 қазан 2026
«Ауыл құтқарушылары» жобасының аясында кейінгі екі жылда 300-ге тарта өрт сөндіру бекеті құрылды – Президент





