Президент құтқару саласы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 19 қазанда құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін төмендегі азаматтар марапатталды:
ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен
- Базарбаев Қуанар Бекенұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
- Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен
- Данияр Анри – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары
- Цуркан Алексей Викторович – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы" ММ бөлімінің бастығы, Ақмола облысы;
"Құрмет" орденімен
- Дзауров Тимирлан Мусаевич – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС бас директоры, Алматы қаласы
- Есмаханов Ерік Мейрамбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі департаменті директорының орынбасары
- Нарзиева Елена Александровна – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы;
"Ерлігі үшін" медалімен
- Байдекенов Дархан Азаматұлы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Барыс" республикалық құтқару қызметі" РММ бас құтқарушысы
- Жалғасов Нұрсұлтан Қойшыбайұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 6 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы
- Рысбаев Дархан Әсемқұлұлы – "Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" МКК құтқарушысы
- Чеботкин Александр Петрович – "Бурундайавиа" Авиакомпаниясы" АҚ әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
- Аралбаев Әбдіхамит – "Оңталап" ШҚ директоры, Қызылорда облысы
- Ибрагимов Жанат – "Ағайынды" ШҚ директоры, Абай облысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:18, 19 қазан 2026
Алматы облысында ломбард иесінің 21 пәтері, 7 көлігі және өзге де мүлкіне тыйым салынды
-
15:06, 19 қазан 2026
Банкке қарызы бар азаматтардың шотында күнкөріс минимумына тең ақша қалдырыла ма
-
14:57, 19 қазан 2026
Ұлытау облысында ұрланған 219 бас мал иелеріне қайтарылды
-
14:49, 19 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасын құттықтады
-
14:37, 19 қазан 2026
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында кадрлық ауыс-түйіс жасады





