Қазақстанда Рамазан қашан басталып, Ораза айт пен Құрбан айт қай күндері өтеді – күнтізбе жарияланды

14:02, 19 қазан 2026
MKZ: 1573134

© Фото: freepik

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2027 жылға арналған діни күндер күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Ал Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Қазақстандықтар Ораза айт мерекесін 9 наурызда, ал Құрбан айтты 16–18 мамыр аралығында атап өтеді.

2027 жылға арналған діни күндер күнтізбесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2027 жылға арналған діни күндер күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 14:02

Сурет: Instagram/muftyat.kz

ҚМДБ хижра күнтізбесі бойынша айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде анықталғанын түсіндірді.

"Жаңа айдың көрінуіне байланысты діни мерекелердің нақты күндері бір күнге ілгері немесе кейін жылжуы мүмкін", – деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Қазақстанда 2026 жылы Рамазан айы, Ораза айт және Құрбан айт қай күндерге сәйкес келгенін мына жерден біле аласыздар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!