«Ауыл құтқарушылары» жобасының аясында кейінгі екі жылда 300-ге тарта өрт сөндіру бекеті құрылды – Президент
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсыру рәсімінде "Ауыл құтқарушылары" бастамасын бүкіл ел аумағында кеңінен қолдану қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы өндіріс орындарындағы, кеніштердегі және шалғай елді мекендердегі қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін өндірістік қауіпсіздік саласына цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдер енгізіліп жатыр.
"Бұдан бөлек, шалғай елді мекендердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта "Ауыл құтқарушылары" бастамасы қолға алынды. Жоба аясында кейінгі екі жылда 300-ге тарта өрт сөндіру бекеті құрылды. Нәтижесінде 450-ге жуық өрт дер кезінде тоқтатылды. Осы игі тәжірибені бүкіл ел аумағында кеңінен қолдану қажет", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан құтқарушыларға жан-жақты қолдау көрсетілуге тиіс екенін айтты. Азаматтық қорғаныс мамандарын заманауи техникамен және қажетті қорғаныс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету аса маңызды міндет екенін атап өтті.
"Құтқарушылардың кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру керек. Сонымен бірге олардың мейлінше қауіпсіз жағдайда еңбек етуін қамтамасыз ету қажет. Мұның бәрі де – өте өзекті міндеттер, Үкімет осы міндеттерге назар аударуы керек", – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пікірінше, қазіргі құтқарушылар жағдайды сараптай білуі, батыл болуы, жедел шешім қабылдап, кез келген қолайсыз ахуалдан жол табуы қажет. Дене даярлығымен қатар заманауи технологияларды меңгерудің де маңызы зор.
"Мәселен, ұшқышсыз аппараттардың және автоматтандырылған жүйелердің кеңінен қолданыла бастауы арнайы білім мен құзыретті талап етеді. Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жаңа буынын даярлауда негізгі рөл атқарады. Бұл – тұтас саланың ұстаханасы саналатын еліміздегі бірден-бір жоғары оқу орны", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы академия уақыт талабына сай әлемдегі үздік тәжірибелерді қолданып, күрделі құтқару операцияларын зерделеуі керек екенін атап өтті. Сонымен қатар қазақстандық құтқарушылар мектебінің озық дәстүрлерін нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау қажет екенін айтты.
"Біздің азаматтық қорғау органдары төтенше жағдаймен күресте елімізде де, одан тысқары жерлерде де кәсібилігімен көзге түсіп жүр", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:14, 19 қазан 2026
Президент құтқару саласы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
-
14:02, 19 қазан 2026
Қазақстанда Рамазан қашан басталып, Ораза айт пен Құрбан айт қай күндері өтеді – күнтізбе жарияланды
-
13:56, 19 қазан 2026
Қазақстанда 2027 жылдан бастап жұмысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлем өзгереді
-
13:41, 19 қазан 2026
Президент бейқамдық пен салғырттық – кез-келген қоғамды артқа тартатын қасиеттер
-
13:36, 19 қазан 2026
Соңғы 5 жылда құтқарушылар 240 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетті – Президент





