Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында төтенше жағдай жарияланды
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінен тасыған судың деңгейі кей жерлерде 9 метрге дейін көтеріліп, 9 шақырымға жайылған. Тасқын су Тепличное селосын басып, Прибрежное елді мекеніне қауіп төндіріп тұр.
Осыған байланысты Қызылжар ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бүгінгі күні облыста 170-тен астам үй суда қалған. Құтқарушылар осы күндері қауіпті аймақтан 800-ге жуық адамды эвакуациялады. Қауіп әлі сейілмеді. Ал жергілікті атқарушы билік өкілдері биыл Петропавлдың Былғары зауыты кентіндегі дамбаны ұзартуды жоспарлап отыр.
Ерік Сарыбаев, облыстық ТДЖ бастығының орынбасары:
-Прибрежное елді мекені бойынша қазіргі таңда 166 адам, оның ішінде 23 бала көшірілген. Тепличное елді мекенінде 138 адам, оның ішінде 43 бала көшірілген. Эвакуациялау үшін біздің 6 қайық жұмыс істеуде.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам
-
20:43, 16 желтоқсан 2025
Әуезов театрының 100 жылдығында «Еңлік – Кебек» қайта сахналанады





