Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты

21:53, 16 желтоқсан 2025

© Фото: zakon.kz

Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары Мемлекеттік Әнұранды орындап, қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің айтулы мерекесі олар үшін ерекше есте қалды, себебі Димаш көптен күткен концертін өткізді.

Еске салайық, бұған дейін Qazaqstan телеарнасы 16 желтоқсанда Димаш Құдайбергеннің концертін көрсететінін хабарлағанбыз.

Концерттің телевизиялық нұсқасын бүгін, сағат 22:20-да Qazaqstan телеарнасынан тамашалауға болады.

Оның алдында Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатқанын жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!