Арина Соболенко WTA енгізген гендерлік тестілеуден өтуге дайын екенін мәлімдеді
© Сурет: j48tennis
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко әйел теннисшілер үшін гендерлік тестілеуді енгізу бастамасын қолдап, өзі де бұл тексеруден өтуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы белорусьтік теннисші 3 тамыз күні Торонтода өткен WTA 1000 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Журналистер одан WTA ұйымының жаңа ережесіне қатысты пікірін сұрады. Шілде айында ұйым өз жарыстарына қатысу үшін спортшылардың SRY геніне (еркектердің Y-хромосомасындағы ген) бір реттік міндетті тестілеуден өтуін талап ететін саясатты енгізген болатын.
"Біздің турда әділ бәсекенің сақталғаны өте маңызды деп есептеймін. Биологиялық тұрғыдан алғанда ер адамдар әйелдерге қарағанда әлдеқайда мықты. Сондықтан әйелдердің биологиялық ер адамдармен жарысуы әділетсіз болар еді. Меніңше, WTA бұл шешімді қабылдауға біраз уақыт жұмсады, бірақ оның қабылданғанына қуаныштымын", – деді Соболенко.
Белорусьтік спортшы өзі де мұндай тексеруден өтуге дайын екенін атап өтті.
"Егер бәріміз осындай тестілеуден өтуіміз қажет болса, мен оған қуана келісемін. Бұл – әділ шешім. Сондықтан осы тәртіпті сақтайық", – деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Соболенко соңғы ірі жеңілісінен кейін аздаған үзіліс алып, жаңа күшпен кортқа қайта оралғанын мәлімдеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:51, 20 қыркүйек 2026
Төртінші алтын медаль! Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
-
13:39, 20 қыркүйек 2026
Үшінші алтын медаль! Жоламан Биғабыл 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды
-
13:07, 20 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстан ерлер құрамасы қазіргі бессайыстан қола медаль еншіледі
-
12:31, 20 қыркүйек 2026
2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстан қоржынында тағы бір алтын медаль!
-
10:21, 20 қыркүйек 2026
2026 жылғы Азиадада Қазақстан нысана көздеуден үздік ондыққа енді





