«Слово пацана» сериалындағы қамауға алынған актер ішінара кінәсін мойындады
© Сурет: "Слово пацана" сериалы
Желтоқсан айында "Слово пацана" сериалында эпизодтық рөл ойнаған орыс актері қамауға алынды. Сергей Базанов қарақшылық туралы кінәсін мойындағанмен, ұйымдасқан топтың кісі өлтіргені үшін тағылған айыбын жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС мәліметінше, айыпталушы ынтымақтастық туралы сотқа дейінгі келісім жасаған.
Тергеу қылмыстық істің барлық қатысушыларына айыптауды ауырлатқаны және қарақшылықтан басқа, қазір оларға кісі өлтіргені үшін де айып тағылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, қылмыстық іс бойынша төртінші күдікті – С.С.Хайдаров қамауға алынғаны белгілі болды.
Агенттікке дереккөз осы іс бойынша айыпталушылардың бірі Базановқа қарсы куәлік бергенін айтты. Оны ұйымдасқан топ "кісі өлтіруді ұйымдастырушы" деп атаған.
"Істің қатысушысы Григорий Галустов Базановқа қарсы куәлік берді және оны қарақшылық шабуыл мен кісі өлтіруді ұйымдастырушы деп атады", – деді агенттік сұхбаттасушысы.
Мәскеу Замоскворецкий сотының баспасөз қызметі 25 желтоқсанда ұйымдасқан топ жасаған бірнеше кісі өлтіру ісі бойынша Сергей Базанов қамауға алынғанын мәлімдеді. Іс материалдарында анықталғандай, кісі өлтіру 2011 жылы Мәскеу аумағында болған.
Айта кетейік, танымал сериалда актер аудандық қылмыстық топ мүшелерінің бірі Демидтің рөлін сомдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:04, 23 қазан 2024
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда мопедтерді тіркеу қашан басталатынын айтты
-
15:55, 23 қазан 2024
Ресейлік әйел 40 жасында ғана «83 маусымда» дүниеге келгеннін білді
-
15:48, 23 қазан 2024
Прокурорлардың ықпалымен жетім балалар тұрғын үй кезегіне қойылды
-
15:37, 23 қазан 2024
Теңгенің әлсіреуіне байланысты Қазақстанда қандай өнімдер қымбаттауы мүмкін
-
15:26, 23 қазан 2024
Өлтіріп, өзенге лақтырған: Атырауда жоғалған қыздың денесін іздеп жатыр