Астанада құрылыс алаңында өрт шықты

09:20, 21 қараша 2026
MKZ: 1578973

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Астананың Сарыарқа ауданындағы Бейсекова көшесінде салынып жатқан нысан аумағындағы жеке тұрған күзет бекеті өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт жедел түрде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы орталығындағы университет аумағында ірі өрт шыққанын хабарлағанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!