Астанада автобуста қызға тиіскен ер адам 10 тәулікке қамалды

10:07, 21 қараша 2026
MKZ: 1578976

© Фото: Zakon.kz

Астана полицейлері қоғамдық көлікте жолаушы әйелге тиіскен 33 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық көлікте келе жатқанда ер адам қыздың бөксесінен ұстаған. Мұны басқа жолаушы байқап қалып, оған ескерту жасаған. Осыдан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

"Полиция қызметкерлері қалалық автобуста жолаушы қызға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған 33 жастағы ер адамды ұстады. Оқиға кезінде оның мас болғаны анықталды", – деп хабарлады 2026 жылғы 20 қарашада Астана полиция департаменті.

Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!