СҚО прокурорлары ауыл шаруашылығы техникасын басқаруға заңсыз куәліктер беру фактілерін анықтады

12:19, 2 қазан 2024

© Фото: primeminister.kz

Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Талдау жүргізу барысында қадағалау органы көлік құралдарын басқару құқығын, қолданыстағы заңнама талаптарын өрескел бұза отырып, заңсыз беру фактілерін анықталды.

Ғ.Мүсірепов ауданының Ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы аудандық соттың 22.08.2023 жылғы қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған "Б" есімді азаматқа, "Жол қозғалысы туралы" Заңның талаптарына қайшы түрде, ағымдағы жылдың сәуір айында тракторшы-машинист куәлігін заңсыз берген. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Осыған ұқсас бұзушылықтар Айыртау, Есіл, Қызылжар, Мамлют, Шал ақын, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының және Петропавл қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімдерінде анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған іске қатысты лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген 2 тракторист-машинист куәліктері уәкілетті орган тарапынан тәркіленіп, жойылды.

Қалған 12 куәлікті жарамсыз деп тану бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аталған бұзушылықтарды жою мәселелері облыс прокуратурасының бақылауында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!