Антикор Алматыда 2 миллиард теңгеге сатылымға қойылған зәулім үй туралы ақпаратты тексереді
© Фото: Zakon.kz
2024 жылдың 2 қазанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов агенттік басшысының бұрынғы орынбасарының отбасы Алматыдағы зәулім үйді 2 миллиард теңгеге сатып жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Антикор" төрағасының бұрынғы орынбасарының әйелі Алматыдағы отбасылық үйді 2 миллиард теңгеден астамға сатылымға қойғаны туралы ақпарат пайда болған.
Ұлан Сарқұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпараттан хабардар екенін мәлімдеді.
"Бұл мәселемен тиісті бөлімшелер айналысып жатқанын да көрдік. Бұл жерде заңнамалық мәселелер бар екенін де түсінуіміз керек.Бұл мүлік жарияланса, соған сәйкес инвестицияланса, яғни біреу кәсіпкерлікпен айналысса (мемлекеттік қызметке келгенге дейін – ред. ескертпесі) жеке меншік құқығын да құрметтеуіміз керек", — деді ол.
Оның айтуынша, бұл мәселе зерттелетін болады.
"Енді кім болса да, қай қызметкер болса да, қай жерде жұмыс істесе де тәуелсіз баға беріледі", — деп түйіндеді Ұлан Сарқұлов.
Бұған дейін ол экс-Әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты пікірін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:14, 2 қазан 2024
Жас қаламгерлерге арналған жаңа байқау тізгін қақты
-
17:07, 2 қазан 2024
Күш атасы - Қажымұқан туралы фильм көрермендерге жол тартады
-
17:07, 2 қазан 2024
Күш атасы - Қажымұқан туралы фильм көрерменге жол тартады
-
16:54, 2 қазан 2024
Өзбекстанда 600 қазақстандық референдумда дауыс береді
-
16:40, 2 қазан 2024
Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне есірткі өткізбек болған күдікті ұсталды