Алматыда жүргізуші жанында келе жатқан көлікке оқ жаудырған

22:27, 1 қазан 2024

© Сурет: pixabay

Желіде жанында келе жатқан көлікке оқ жаудырған көлік жүргізушісінің әрекеті түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео авторларының айтуынша, оқиға Алматы көшелерінің бірінде болған.


Бұл оқиғаға Zakon.kz сайтына қалалық полиция департаменті түсінік берді.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ алдын ала мәлімет бойынша, жолдағы жанжал кезінде сигналдық тапаншадан оқ атылғаны белгілі болды.

"Қару тәркіленіп, іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!